Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте екі баласын тастап кеткен әйел іздестірілуде

28 жастағы азаматша қос перзентін осыдан төрт ай бұрын кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша тастап кеткен. Содан бері ұл-қызын алып кетпек түгілі балдырғандарын қайта көруге де келмеген.

vlcsnap-2016-04-19-17h05m53s44-640x360

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Анасынан қапыдан айырылып қалған қос балақай балаларды уақытша бейімдеу үйінде де бір-біріне қамқор. 9 жасар Виктория үнемі туған інісі Тимурдың қас қабағына қарап, анасының жоғын білдірігісі келмейді.

Кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығына келген балалар тек үш ай ғана тұрақтай алады. Дегенмен, Тимур мен Викторияның мұнда жүргеніне төрт айдан астам уақыт болған. Сондықтан орталықтың қызметкерлері тастанды балалардың жағдайын бір жақты ету үшін сотқа арыз жазыпты.

vlcsnap-2016-04-19-17h03m32s194-640x360

Қазір бұл істі құзырлы орган өкілдері мен білім мамандарынан құралған комиссия мүшелері қарауда. Ал қос перзенттін тастап кеткен ананы полицейлер іздестіріп жатыр.

«Біздің орталыққа Саиповтар 2015 жылдың 4 желтоқсанында келді. Бұл отбасының тұрмыстық жағдайына қарап әрі анасының жұмыссыз жүргенін ескеріп, балаларын бейімдеу орталығына білім басқармасышының шешімімен қабылдаған болатынбыз. Анасы жағдайым түзелгенде балаларын алып кетем деген. Бірақ, жаңа жылдан кейін мүлдем келмеді. Қазір балаларын тастап кеткен анаға іздеу жарияладық», – дейді әлеуметтік педагог Сәуле Оңғарбаева.

Кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығының қызметкерлері балаларды танып-білген азаматтарынан көмек сұрайды. Өйткені із-түссіз жоғалып кеткен ана туралы әзірге ешқандай ақпарат анықталмапты. Ал анасын шырылдап іздеген бүлдіршіндер-шешесінің келетініне сенеді.

Талқылау