Айуандықпен үш адамды өлтірген Шымкент тұрғынына сот үкімі шықты
Шымкентте бір отбасының үш бірдей мүшесін жауыздықпен өлтірген қылмыстық іске нүкте қойылды. Кеше Шымкент сотында анасы мен оның екі баласын қатігездікпен өлтірген 27 жастағы Олег Власкинге қатысты үкім шығарылды. Ол жәбірленушерді аяусыз ұрып, келесі құрбанын үйде жасырынып күтіп отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттііг КТК арнасына сілтеп.
Тергеу барысында жүргізілген сараптама сотталушының ақыл-есінің дұрыстығын және ол қылмысты саналы түрде жасағанын анықтады.
“Ол бөлмеден шығып бара жатқанда үстелден кішкентай мүсінді көріп қалған. Біржановқа ашуланған күдікті сол мүсінді алып, оның шүйдесінен ұрған. Ол Біржановты мүсінмен қанша рет ұрғаны білмеймін. Бірақ ол еденге құлағанда, ол оның басына полиэтиленді пакет кидіріп тұншықтырған”,- дейді судья.
Бірнеше рет соққы алған 12 жасар бала осылайша тұншығып көз жұмды. Содан кейін қанішер оның денесін диванның артына жасырып, келесі жәбірленушіні күткен. Қылмыскер Біржановтың анасы мен ағасын да дәл осы мүсінмен өлтірген. Оларды өлтіргеннен кейін қандай да бір себептермен, қылмыс жасаған мүсінді өзімен алып кеткен. Тексеру нәтижесі бойынша үшеуінің де жабық және ашық мас-ми жарақатынан көз жұмғаны анықталды. Марқұмдардың аса қатігездікпен өлтірілген денесін сол үйдің күйеу баласы тауып алған.
“Ол бастапқыда прокурордың айыптауымен келіспеген. Бірақ кейін судья оның өзі берген жеке куәлігін оқып, әр сөйлемді сұрағанда ол бәрін растады. Ол өз қылмысын жоққа шығаруға тырысып еді, бірақ бұл ойынан ештеңе шықпады. Ал тергеу жүріп жатқанда ол өзін қалыпты ұстады. Содан кейін қылмысты қалай жасағанын тізбектеп айтып берді. Оның әрекетінен ешқандай өкінішті көрмедім. Бұл адам емес, аң”,- дейді марқұмның қызы Кристина Тимофеева.
Власкин бұл қылмысқа қарыз үшін барған екен. Оның қолынан көз жұмған 21 жастағы Александр оған компьютерлік ойында 250 мың теңге ұтылып қалып, оны қайтармаған. Сарапшылар оның қылмысқа әдейі барғанын және әр ісіне толық жауап бергенін анықтады.
“Сіз бір бүтіндей бір отбасын қырып салдыңыз. Сот сізге өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі ең қатаң жазаны қажет деп тапты”,- деді судья Әбсаттар Шахидинов.
Сот үкімін естінен марқұмның туыстары да бұл шешімге разы болды. Енді 27 жастағы Олег Власкин бүкіл өмірін төтенше жағдайдағы колонияда өткізеді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.