Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бизнесмен прокуратура алдында өзін өзі өртеп жіберді

Айнабековтің әйелі Айнұрдың (тегін айтудан бас тартты – ред.) Оқыс оқиға бүгін, 22 желтоқсан күні, түстен кейін болған.

28293666-9359-4B4A-9793-DA82E2759362_cx0_cy2_cw0_w987_r1_s_r1

Орынбаев атындағы ауруханаға барғанымен, ондағы дәрігерлерден науқасқа қатысты мәлімет ала алмады. Ауруханаға күйеуінің жағдайын естіп жеткен әйелі Айнұр Азаттыққа күйеуінің денесін 65 пайыз күйік шалғанын айтты.

Облыстық прокуратураның күзетшісі Айнабековтің түстен кейінгі сағат 15 шамасында прокуратура қақпасының алдында денесіне бензин құйып өртегенін растады.

Нұркен Айнабеков кеше Шымкентте брифинг өткізіп, жеке құрылыс фирмасының қалада әлеуметтік нысанды салғанын, ол үшін жергілікті биліктен тиісті қаржысын ала алмай отырғанына шағымданған.

Айнабековтің әйелі күйеуінің құрылыс фирмасы мемлекеттік тапсырыс бойынша “Қайтпас” шағынауданында аурухананы салғанын, оның қаржысын әлі күнге дейін ала алмай жүргенін айтты. Әйелінің сөзіне қарағанда, Айнабеков қаржысын даулап қаржы полициясы, ішкі істер департаментіне шағымданғанымен, онысынан нәтиже шықпаған.

Жіберіп алмаңыз:

Атыраулық шопан қасқырмен айқасып 700 қойын аман алып қалды

ШҚО-да қытайлық азамат 11 жасар бүлдіршінді зорламақ болды

17 жыл құлдықта болған Теміртау тұрғыны құжатын ала алмай жүр

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 22 Желтоқсан, 2016 17:41