Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Шымкентте белгісіз біреулер кәсіпкерді жұбайымен бірге өз үйінде атып кетті
Кеше, 6 ақпанда, Шымкентте жаға ұстатарлық жайт орын алды. Белгісіз біреулер қаланың ортасындағы элиталық шағын аудандағы үйге ұрланып кіріп, үй иелерін атып кеткен, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қаскөйлер зәулім үйдің терезесін сындырып кірген. Артынша 64 жастағы үй иесі мен оның 62 жастағы жұбайын атып өлтіріпті.
Белгілі болғандай, қайтыс болған ер адам құрылыс компаниясының құрылтайшысы болған көрінеді.
Бүгінгі таңда полицейлер қылмыскерлердің санын, неліктен мұндай қылмысқа барғанын айта алмай отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іспен қаланың ең тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған топ айналысуда.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"