Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ауруы асқынған бала бағып отырған отбасының көлігін айдап әкетті

Шымкентте ауруы асқынған баланы бағып отырған Вера Смирнова мен күйеуі жуырда полицияға көліктерінің жоғалғанын айтып арызданды. Аталған көлікті олар несиеге алған екен.

Бұл туралы “Отырар” басылымы жазды.

Вера мен ұлы Витя дәл қазір ауруханада жатыр. Себебі, ұлының жағдайы қатты нашарлап кеткен екен. 28 қазан күні күйеуі Вера мен ұлын ауруханаға жеткізіп, қажетті заттарды алу үшін үйіне оралған. 29 қазан күні таңертең оның көлігі орнында болмай шығады.

Көлікті Гагарин көшесіндегі №42 үйдің маңынан айдап әкеткен. Вераның айтуынша, көлік тұрағының маңында аудан әкімшілігі қойған бақылау камерасы бар. Бірақ, ол камераның жұмыс істеп, істемейтінін ешкім білмейді екен.

Белгісіз адамдар айдап әкеткен көлікті отбасы жуырда ғана несиеге алған. Оның үстіне олар тапқан ақшаларын ұлдарының еміне жұмсайды екен. Отбасында ер адам ғана ресми жұмыс істесе де, Вера қолы босай салысымен жұмыстың қамына кіріседі. Мұнымен қатар, Вера ОҚО-дағы “муковисцидоз” ауруына шалдыққан 12 баланың өмірі үшін күресіп келеді.

Вера көлігіне қатысты кез келген ақпарат ұсына алатын адамдардан көмек сұрап, төмендегі нөмірлерге хабарласуын өтінді.

Вере +7 777- 918-65-24, Алексей (Вераның күйеуі) +7 777 — 526 — 28 — 86.

Талқылау