Шымкентте алаяқтар “шыны баланың” жанұясын ақшасыз қалдырды
Белгісіз біреулер көмек көрсетеміз деп баланың ата-анасын Шымкентке шақырып, олардың ақшасын алып, қашып кеткен. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды
Қаржауовтар жанұясының ұлы “Шыны ауруы” деп аталатын аурумен ауырады.
“Біздің оқиғамыз Интернетте жарияланды. Сосын біздің картамызға ақша аударыла бастады. Бір күні бізге Шымкенттен хабарласып, балаға тегін екпе процедурасын жасап беруге шақырды. Біз қуанып, билеттерімізді алып, Шымкентке келдік. Бесі күні осы қалаға келдік, ол бізді түнде күтіп алып, пәтерге орналастырды. Пәтер бір тәулікке жалға алынды. Сосын ол менен банкоматқа барып, дәріге қажетті ақшаны шешіп алуды сұрады. Біз барып 145 мың теңгені шешіп алдық, мен оған ақшаны бердім. Ары қарай пәтерге кеттік. Келесі күні таңертең оның телефоны сөндірулі болды. Неліктен басымызға осындай істің түскенін түсінбейміз. Балаға көмек керек, енді не істейміз? Біз полицияға барып, арыз жаздық. Бірақ әлі хабар жоқ. Пәтердің иесіне рахмет. Бізден ақша алмай отыр”, — дейді Ләззат Өтепқалиева.
Қаржауовтар жанұясының билеттерге, тіпті тамаққа да ақшалары жоқ. Олар қоныстанған пәтердің иесі, көршілер, заңгерлер көмек көрсетуде. Билік пен ІІД орын алған оқиғаға түсіндірме бермей отыр.