Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте африкалық алаяқтар Құран сүрелерін оқыған

Шымкент қаласында африкалық алаяқтар ұсталды. Олар іске кіріспес бұрын Құран сүрелерін оқып алатын болған екен.

нрпе

Бұл туралы “Жоғары сападағы телеарна” хабарлайды.

Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері доллар және қара ақшамен сиқыр жасап жатқан кезде кіріп келген. Қара нәсілділер көптеген камера мен фотоаппаратты көрген кезде, қолындағы екі қуыршақты тығып үлгерген. Әлгі қуыршақ кәсіпкерге 16 мың долларға сатылуы тиіс екен. Қылмыскерлердің бірі оны диванның астына қарай теуіп жіберіп, іші ауырып жатқандай түр жасаған. Тергеушілер олармен аудармашы арқылы сөйлесіп жатыр.

рго

Жерде 100 долларлық ақша шашылып жатыр. Ал кішкене үстелдің үстінде сырты лейкопластырмен жапсырылған банкілер толып тұр. Олар жұртты банкілердің ішінде қара қағазды долларға айналдыратын химиялық қоспа бар деп сендірмек болған екен.

жз

Алайда экспертиза нәтижесі бұл банкілердің ішінде жеуге жарамды азық-түлік пен антисептик барын анықтады. Мұнымен қатар, бөлме ішінен инелер табылды. Осы инелер арқылы олар ақшаға бірнәрсе шашқан екен.

нре

Қылмыскерлер қолы кісенделіп тұрса да, дәлелдерді жойып жібермек болған екен. Тергеушілер олардың іске кіріспес бұрын Құран сүрелерін оқып дайындалғанын анықтады. Естеріңізге сала кетсек, Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотында Нигерияның екі азаматына қатысты тергеу жұмыстары басталған-ды. Олардың бірі – 39 жастағы Нвоке Экендеричукву, екіншісі – 30 жастағы Оба Жозефата.

пеак

Олар құны 16 мың доллар болатын алаяқтықтары үшін сотталмақ. Олар 27 қыркүйек күні ұсталған болатын. Айтуларынша, Шымкентке ағылшын тілінен сабақ беру үшін келген екен. Әлгі кәсіпкерді Отандарынан алып келген қара түске боялған 8 млн доллар әкелгендерін айтып алдаған.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек Астана вокзалында босанып қалды

Қазақстандық «Барби» қыздың жалаңаш суреттері желіде дау туғызды (фото, видео)

Ұйықтап кеткен жолаушыны зорлағаны үшін такси жүргізушісін соттады

Шахан тұрғыны әйелі мен 8 жыл күтіп сүйген сәбиін жер қойнына тапсырды

Талқылау