Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әбден қарызға батқан жас жігіт 9-қабаттан секіріп кетпекші болды

“Нұрсәт” ықшамауданында 26 қараша күні кешкі 17.30 шамасында жас жігіт өз-өзін өлтіремін деп елді дүрліктірді.

Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

Жасөспірім №130 көпқабатты үйдің 9-шы қабатынан секіруге әрекеттенген. Ештеңе талап етпеген жігіт, ешкіммен сөйлеспей қойған. Алайда оны жақын маңдағы дүкен сатушылары барынша алаңдатуға тырысқан.

Әлгі адамдар жігіттің райынан қайтып, жерге түсуі үшін айқайлай бастаған. Көп адамдар оқиғаны ұялы телефонына түсіріп тұрған. Ал жігіт пен қыз шатырға жылдам шығып, жігітті ұстап алған.

Қазіргі таңда оқиғаны Қаратау аудандық полиция бөлімі зерттеп жатыр. 24-26 жас шамасындағы жігіт көптеген қарызы бар болғандықтан өзін өлімге қимақшы болыпты.

Оқи отырыңыз:

Алматыда ер адам көліктің астына түсіп, жүргізушіні сан соқтырмақ болған (видео)

Моңғол бишісінің өнері ғаламторды “жарды” (видео)

Бас құда тойға басып кірген қарулы ОМОН-дармен төбелесіп кетті

 

Талқылау