Шымкентте 95 жастағы әжей немерелерінің ұрып-соғып, күн көрсетпей келгенін айтты

Шымкентте Надежда Ушакова есімді әжей немере-шөберелерінен көргені азабы жайлы айтты, деп хабарлайды КТК.

Әжейдің айтуыншағ немере-шөберелері үйіне кіріп алып, ұрып-соғатын көрінеді. Зейнетақысын бермей, ішімдік ішеді. Мас кезінде итке талақанын да атап өтті.

“Мас болғанда есімнен тандыра ұрып тастады. Шашымды жұлып, есімнен тандырды. Осыдан соң полицейлерге айтып едім, сотқа беріңіз деді. Ал, соттағылар келісімге келіңіздер дегеннен басқа ешнәрсе айтпады”,-  дейді кейуана.

Қол-аяғындағы тыртық іздері балаларының ұрып-соққан жарақаты салдарынан қалған. Қазір құлап қабырғасын сындырғандықтан, ауруханада жатыр.

Әжейдің сөзін көршілері де растап отыр. Тұрмысы нашар екенін айтты.

Шымкент қалалық полиция Департаментінің ресми өкілі Әсел Сәденованың айтуынша, әжей немере-шөбересін үйінен шығаруға екінші рет арызданған. Алайда өзі ауырып қалғандықтан сот істі кейінге қалдырған.

Енді әжей аяққа тұрған соң балаларын үйінен шығаруға бекініп отыр. Алайда шаруасына көмектесу үшін әкімдіктен әлеуметтік қызметкерлерді шақыртуды сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар