Шымкентте 11 жастағы баланы зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды
Шымкентте көпқабатты үйдің подъезінде 11 жастағы балаға азғындық жасамақ болған педофил сотталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қалалық мамандандырылған ауданаралық сот 33 жастағы айыпталушыны 15 жылға соттады.
Сот төрешісі Әбинұр Қарабаеваның айтуынша, сотталушының кәнісі толық дәлелденді.
Күдікті баланы зорламақ болған, алайда арам ойын іске асырып үлгермеді. 21 қыркүйек күні сот айыпталушыны кінәлі деп тапты.
Айта кетейік, шілде айында ер адам подъезд есігін жауып, 11 жастағы баланы зорламақ болған еді. Ол баланы шешіндіріп жатқанда, сол үйдің тұрғыны көріп қалып, күдіктіні қуып шыққан. Күдікті қолға түсіп, тергеу жүргізілді.
Баланы педофилден құтқарып қалған әйел болған оқиға туралы айтты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді