Шымкентте үйден көп ақшамен шығып кеткен ер адам жоғалды

Жексенбі, 24 Шілде , 2016 8:19

Оңтүстік Қазақстан облысы полициясы із-түссіз жоғалған 33 жастағы Александр Кривошапкинді іздеп жатыр. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

Безымянный

Ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарды 21 шілде күні оның әйелі түсірген. Айтуынша, 1983 жылы туған Александр 20 шілде күні шамамен 15.15-те жұмысқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

“Бұрғылау фирмасында жұмыс істейтін Александр сол күні жұмысқа Бадам станциясы арқылы 357 АС 13 мемлекеттік нөмірі бар “УАЗ 390945360” маркалы көлігімен шығып кеткен, алайда жұмысқа жетпеген. Оның өзімен бірге “Самсунг” маркалы телефоны және құжаттары мен 800 мың теңге салынған әмияны болған. Ол ақша қызметкерлердің жалақысы екен”, – делінген хабарламада.

Кривошапкинді іздеуге Абай аудандық ішкі істер басқармасының бағдарлау жеке құрамы жұмылдырылып, арнайы жедел-іздеу тобы құрылды.

Жоғалған ер адамның белгілері: бойы 180-185 см, орта денелі, шашы қысқа. Үстіне көк түсті жейде мен көк түсті джинсы киген

“Оңтүстік Қазақстан полициясы облыс тұрғындары мен қонақтарына жоғалған ер адам Александр Кривошапкинді көргендер немесе ол туралы ақпарат білетіндер болса мына нөмірлерге хабарласуларын сұрайды: 8-771-883-30-13 немесе “102”.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
15.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар