Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте үстіне полиция киімін киген алты баланың анасы алаяқтықпен айналысқан

Шымкентте үстіне полиция лейтенантының киімін киіп, азаматтардың сеніміне кіріп, оларды сан соқтырып кеткен 36 жастағы келіншек ұсталды.

888

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

13 қыркүйек күні полиция бөлімшесіне алаяқтың құрбаны болған әйел хабарласып, өзін мүгедектікке есепке тұрғызып беремін деген әйелдің алдап кеткенін айтады. Алаяқ әйел оған жалған анықтамасын көрсетіп, 100 мың теңге алып тайып тұрған.

“Шымкент полициясы бұрын сотталған 36 жастағы тұрғынды ұстады. Оның айтуынша алты баланың анасы екен. Тұрмыс қиындығына байланысты бірнеше мәрте алаяқтық әрекетке барған”, – деп хабарлады ІІД.

Полицейлер оның жалдамалы пәтерінен полицей киімін және басқа да айғақ заттар тапты.

“Тергеу барысында оның бір жарым миллион теңгені қалтасына басып, жалпы 4 алаяқтық фактісіне қатысы бар екенін анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 бабы бойынша іс қозғалды. Сот алды тексеру жұмыстары жүріп жатыр”, – деп хабарлады ІІД.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау ІІД түнде болған төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді

Баласын 5-қабаттан лақтырып жіберген семейлік келіншек бұйрық секілді беймәлім дауысты естіген

Алматыда қос сәбиді тоңазытқышқа тыққан қаскөй оларды жылап мазасын алғаны үшін өлтірген

Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен ауыл әкімінің туыстары болған оқиғаға шенеуніктерді кінәлады

Талқылау