Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны дәмханаға қолына тапанша ұстап, кіріп келген

Дәмханаға қарумен келген Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Полицейлер 36 жастағы азаматтан газды-травматикалық тапанша тәркілеп отыр.

Безымянный

Сурет forum.pulek.net

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, оқиға 29 наурыздан 30-на қараған түні болған. Еңбекші полиция бөліміне күзет агенттігінен суыт хабар түседі. Жеке күзетшілер қаладағы дәмханалардың біріне келген жігіттің қолынан қаруға ұқсас затты байқапты.

Оқиға орнына шұғыл түрде жеткен жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полкінің қызметкерлері Шымкент қаласының 1980 жылғы азаматын ұстады. Тінту кезінде жігіттің белінен «Action-SM» маркалы газды-травматикалы тапанша тәркіленді.

Мәселені жан-жақты тексеру үшін тәртіп сақшылары күдіктіні Еңбекші полиция бөліміне жеткізді. Осы факті бойынша қылмысты кодекстің 287-бабы (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Талқылау