Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғындары тоңазытқыштың гуілін бомба деп ойлап дүрбелеңге түсті

Шымкентте тоңазытқыштың гуілі көпқабатты үй тұрғындарының зәресін қашырды. Олар пәтерде бомба қойылған деп ойлап, полицияға хабар беріпті. Жедел жеткен олар, мән-жайды анықтағанша жұртты тіпті екі сағат көшеде ұстады, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

13

Түнгі сағат 11 жарым шамасында тынымсыз дыбыстан шошынған тұрғындар учаскелік полицейді шақырыпты. Ол өз кезегінде басшыларына хабар берген. Артынша келген лаңкестікке қарсы ұйым өкілдері мен төтенше жағдайлар қызметкерлері көпқабатты үйдің жүзден астам тұрғынын далаға шығарған.

“Бір айдан бері осы пәтерде сақалды бірнеше адам тұрып жатыр. Күніге үлкен қораптармен кіріп жататын көретінбіз. Бірақ, өздерінің көрінбей қалғанына үш күн болған. Осылар көшіп келгелі шуыл пайда болды. Дыбыстың шығуынан сескеніп полицейлерді шақырттық”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны.

Дыбыс шыққан пәтерде баспана жалдайтын бірнеше адам тұрады екен. Полицейлер келген кезде үйде ешкім болмаған. Ал, екі сағат бойы пәтерді тінтіген мамандар тоңазытқыштың гуілінен басқа, күдік тудырар ештеңе тапқан жоқ.

Талқылау