Шымкент мектептерінде смартфон қолдануға тыйым салынбақ

Сенбі, 16 Шілде , 2016 21:24

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық әрекеттерін талқылаған әкімдіктің кезекті отырысында қала мектептерінде смартфонға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы қала басшысының баспасөз қызметі хабарлайды.

пееп

Сурет 7ya.ru

Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары туралы айтып өтті.

Қаланың бас мұғалімі оқушылар арасындағы теріс әрекеттердің көбеюіне смартфон пайдалану себеп болуы мүмкін дейді. Олар интернетке еркін кіріп, ойларын бұзады. Бастық ата-аналар балаларының тәртібіне бей-жай қарамаулары керектігін ескертті. Ал әкім болса, жаңа оқу жылынан бастап смартфон қолдануға тыйым салуды ұсынды.

Қала мектептерінде 1 қыркүйектен бастап “Мектептегі электронды бақылау” бағдарламасы іске қосылады. Жүйе ата-аналардың балаларын бақылауына арналған. Баланың алған бағалары еш өзгеріссіз электронды күнделікке тіркеліп отырады. Егер оқушы сабаққа кешігіп немесе мектепке келмесе ата-анасына автоматты түрде СМС-хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ, сабақ кестесі, жиналыстар, жоспарлар мен мұғалім есептері барлық ата-ана үшін электронды форматта қолжетімді болады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар