Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент қаласының статусы туралы тарихи құжатқа қол қойылды (фото)

Бүгін, 5 маусымда, Шымкентте ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев, қалалық мәслихаттың депутаттары мен қала активінің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Шымкент қаласының статусы туралы тарихи құжатқа қол қойылды (фото)

Сессия барысында Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруге ұсыныс жасалып, аталған шешімге қол қойылды. Ендігі бұл құжат Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының қарауына ұсынылатын болады.

Шымкент қаласының статусы туралы тарихи құжатқа қол қойылды (фото)

Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың сөзінше, республикалық маңызы бар қала мәртебесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мұндай өзгеріс қаланың дамуына, сондай-ақ, мегаполистің әр тұрғынына да оң әсер алып келеді.

Шымкент қаласының статусы туралы тарихи құжатқа қол қойылды (фото)

«Сессияда тарихи құжатқа қол қойылды, бұл Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуда ауқымды жұмыстың бастауы болды.

Алда жоспар көп, олардың барлығы мәслихат депутаттары мен қала тұрғындарының қолдауымен ғана жүзеге асады», – дейді Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сейсенбі, 05 Маусым, 2018 12:32
Талқылау