Шығыс Қазақстан тұрғыны шатасып әйел шалбарын ұрлап алды
Дүкенге бөтен пиғылмен кірген Зырян ауданының тұрғыны, байқамай әйелдер шалбарын ұрлап кеткен.

Сурет efcate.com
Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.
Ер адам киім дүкеніне өзіне шалбар таңдауға келеді. Ұнаған нұсқасын киіп көрмек болып, сатушыларды бақылайды. Олар көрінбей қалды деген сәтте, қолына ілінген алғашқы шалбарды күртешесінің ішіне тығып шығып кеткен.
Ер адам өзінің ұрлық әрекеті кезінде қателескенін үйіне келген кезде ғана бір-ақ білген. Кейіннен полицейлер ұрыны да көп ұзатпай ұстап алады. Шағын ұрлыққа барғаны үшін, енді ол жазасын 100 сағат қоғамдық жұмыс істеп өтейтін болады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"