Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында шенеуніктің былығы әшкере болды

Көкпекті ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мақсат Қапшықов үш жыл бойы тендерді өткізбестен, жолды күтіп-баптау үшін шаруа қожалықтарымен келісім жасасқан.

767

Бұл туралы Евразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ал, осы салада маманданған екі бірдей жол компаниясын маңына да жолатпаған. Соның кесірінен тапсырыссыз қалған мекемелер банкрот болыпты. Ал, шенеуніктің үміт артқан шаруа қожалықтары қыстыгүні жолдың қарын тазарта алмай, әуреге түскен.

Осылайша, шаруасы келіспей, өзіне жүктелген міндетті атқара алмай, сөзге қалған шенеуніктің мәселесі тәртіптік кеңесте қаралды. Кеңес мүшелері қызметіне лайық емес шенеунікті қызметінен босату керек деп шешіпті. Мақсат Қапшықов бұған дейін де бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Оның үстінен өңірдегі бизнесмендер де шағым айтыпты. Мемлекеттік қызметкер үй аламын деп қарыз алып, қайтарып бермеген.

«Тексерістің қорытындысынан кейін оған 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 680 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы жылдың сәуір айында осы азамат басқарып отырған бөлімде мемлекеттік аудит жасалды, сол кезде де заңбұзушылықтар анықталды. Сол үшін Қапшықов әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сөйтіп оған 190 мың және 204 мың теңге көлемінде айыппұл салынды» – Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Жанболат Муглиев.

Тағы да оқыңыз:

Тыржалаңаш еркекті видеоға түсірген авторға желі қолданушылары наразылық танытты (видео)

Америкада тұратын 101 жастағы қазақ әже нағашыларын іздейді (фото)

Белгілі уағызшы қожалардың неліктен қыз бермейтінін айтып берді (видео)

ОҚО-да әйел 4 жасар науқас баласын ауруханада тұншықтырып өлтірмек болды

Талқылау