Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шұжықтан қайтыс болған: Қарағандыда жаңа жыл күні ажал құшқан 3 жасар қыздың анасы сараптама нәтижесіне сенбейді

Қарағандыда жаңа жыл күні көз жұмған 3 жасар қыздың неден қайтыс болғаны белгі болды. Қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында жан тапсырған үш жасар Әйзере ҚаҺарманованың өлімінің себебін жарты жыл зерттеген мамандар, сараптама қорытындысын жариялады.

Шұжықтан қайтыс болған: Қарағандыда жаңа жыл күні ажал құшқан 3 жасар қыздың анасы сараптама нәтижесіне сенбейді

Бұл туралы 31 арна хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сонша уақыт жүргізілген сараптама нәтижесіне сүйенсек, бала шұжықтан қайтыс болған. Алайда, Әйзеренің анасы бұл қорытындыға сенбейді.

Әйзеренің анасы қызының өлімін тексерген мамандардың негізгі сұрақтарға жауап бермегенін айтты. Сот-медициналық сараптама бүлдіршіннің анасы ауруханадан үйіне 13 сағатқа алып кеткенде, шұжық жегеннен қайтыс болғанын көрсеткен. Мамандар, тіпті осы уақыттың ішінде Әйзеренің бірнеше инфекциялық микс, рото және энтара вирустарын жұқпалы аурулар ауруханасында емес, үйінде жұқтырғанын анықтаған көрінеді.

Әйзеренің анасы, енді шетелдің сарапшыларынан көмек сұрайтынын айтады. Сараптама қорытындысына шағымданамын деп, тіпті қорғаушыны да жалдап қойыпты. Үш жастағы Әйзере желтоқсанның 31 күні қайтыс болған еді. Жөтелі қысып, ыстығы көтерілген бүлдіршінге анасының айтуынша, бірде бір дәрігер көмек көрсетпеген.

«Бізден анализдер алды, Әйзереден алды. Бірақ ондай ештеңе шыққан жоқ. Шұжық бәрі таза. Біздің ағзамыз таза деп шықты. Ал осы сот-медициналық экспертизаның қорытындысы тағы да колбаса кінәлі деп көрсеткен»,-дейді Әйзеренің анасы Диана Қаһарманова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау