Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шу шығарған америкалық әйел ұшқалы жатқан әуе кемесін тоқтатты (видео)

Frontier Airlines әуе компаниясының ұшағында шу шығарған жолаушы әуе кемесінің ұшуына кедергі келтірді. Оқиға 23 мамыр дүйсенбі күні болған.

ымым

Денверден Портлендке бағыт алған Airbus A319 лайнері ұшу жолағында қозғала бастаған сәтте, аты-жөні белгісіз бір әйел салонда өз-өзін біртүрлі ұстап, оқыс мінез таныта бастайды. Ұшақта отырған барлық адам өледі деген ол, еденге құлап айқайлап, аяғымен ұшқыш отырған кабина есігін теуіп, тіпті шешіне бастаған.

Ақыры шуға байланысты ұшақ тоқтауға мәжбүр болған. Жолаушыны полицейлер ұшақтан алып кеткеннен кейін барып, Airbus A319 Портлендке қарай ұшып кеткен.

Талқылау