Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шри-Ланкада сегізінші жарылыс болды: Құрбандар саны 185-ке жетті

Шри-Ланкада 18: 00-ден таңғы 06:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Сондай-ақ, барлық әлеуметтік желілерге, интернет-мессенджерлерге тосқауыл қойылды. 

Шри-Ланкада сегізінші жарылыс болды: Құрбандар саны 185-ке жетті

"Ел билігі қате ақпаратты таратудың алдын алу үшін әлеуметтік желілердің барлық платформаларын құлыптауға шешім қабылдады. Бұл тек уақытша шара, - деді президент Удая Сеневиратненің баспасөз хатшысы.

Пасханы мерекелеу кезінде Шри-Ланкада болған жарылыстардан көз жұмғандар саны 185 адамға жетті.

Олардың арасында кемінде 35 шетел азаматы бар, деп хабарлайды Agence France-Presse.

Оқиға орнында Ұлыбритания, Нидерланды және АҚШ азаматтары қаза тапты. Марқұмдардың денесі жеткізілген аурухана өкілдерінің айтуынша, құрбандар арасында британдық, голландиялық және американдықтар бар.

Бастапқыда Кохчайкаде, Баттикалоа және Негомбо қалаларында бір уақытта бірнеше шіркеулерді, «Шангри-Ла», «Синнамон Гранд» және «Кингсбери» қонақ үйінде алты жарылыс естілді. 

Шамамен екі сағаттан кейін, жетінші жарлыс қонақ үйлердің бірінде болды. Екі адам қайтыс болды: екеуі де полиция қызметкерлері.

Жарылысты ешкім мойнына алған жоқ. Алайда, елдің қорғаныс министрі Руван Виджеваранде жарылысты ұйымдастырушылардың билікке белгілі екенін екенін айтты. 

"Біз осы лаңкестік әрекетке жауапты барлық адамды қамауға алынатын боламыз", - деді ол. 

Талқылау