Шотландиялық боксшы алған нокауттан соң ауруханада көз жұмды
Шотландиялық боксшы Майк Тоуэлл шаршы алаңда алған нокауттан соң ауруханада көз жұмды.

Фото: bbc.com
Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
Майк Тоуэлл Дэйл Эванспен болған жекпе-жектен соң ауыр жарақат алып, көз жұмды. Ұлыбритания чемпионы деген атақты сарапқа салған кездесу Глазгода 29 қыркүйек күні өткізілген еді.
Кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған Тоуэлл бесінші раундта нокаутқа түскен еді. Спортшы шаршы алаңнан өз еркімен кете алмай, мамандар оны бірден ауруханаға алып кеткен.
Боксшының менеджерінің айтуынша, спортшы кездесуден соң жасанды аппараттың көмегімен тыныс алған. Дәрігерлер оны құтқара алмаған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"