Шөп шауып, кілем қағып: Ернар Айдардың ауылдағы демалысы қалай өтуде (видео)
Таяуда ғана өнердегі ағаларымен Түркияда демалып келген Ернар Айдар ендігі бар уақытын ауылда өткізуде. Бұл жолы қарапайым демалыс түрін таңдаған өнер иесі желідегі парақшасы арқылы ауылда болған қызықтарымен бөлісіп жатыр, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Күн, теңіз, жағажай… Әдетте қазақстандық танымалдардың жазғы демалысы осылай өтеді. Алайда өз елінде, туған ауылдың топырағында демалғанды ұнататындар да баршылық. Мәселен, Ернар Айдардың қазіргі уақыты ауылда шөп шауып, кілем қағумен өтуде.
Күні кеше хитмен аяғына етік, басына қалпақ киген қалпында ауылда жұмыс істеп жүрген сәтінен видео жариялады.
Желі оқырмандары әншіні қарапайым күйде көргендеріне қуанып, мақтау сөздерін жаудырды.
Десе де, “әр әрекетін көзбояушылық үшін таспаға түсіріп, жариялайды” деп сынағандар да баршылық.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"