Шоқан Маратұлы: Отбасын құратын уақыт жақындап қалды

Бейсенбі, 14 Сәуір , 2016 11:29

“Негры” тобының солисі Диана Шарапова All Davay тобын сотқа беріп, олардан 4 миллион теңге талап еткен болатын. Шоқан Маратұлы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында “Новогодний балл” әніне қатысты сот ісінің қалай жүріп жатқанын баяндап, соңғы жаңалықтарымен бөлісті.

1391250_1492400154342982_1698278187_n

Фото: instagram.com/alldavay/?hl=ru

Шоқан Маратұлы өзі бала күнінен тыңдап келе жатқан әннің авторлық құқығын Диана Шарапованың иеленуі дұрыс еместігін айтады.

“Әзірге сот алдындағы хат алмасу үрдісі жүріп жатыр. Олар маған шағым хат жіберді, мен жауап бердім. Енді олардың жауабын күтіп отырмын. Ары қарай не боларын көрерміз. Ешуақытта соттың жақтаушысы болған емеспін. Кез келген мәселенің өзара шешілгенін жөн көремін. Бірақ олардың бұл әрекеттерінің толықтай дұрыс еместігіне сенімдімін. Сырт көзге мұның барлығы ақымақтық болып көрінетін сияқты”, – деп әлі де болсын істі сотсыз шешуге дайын екенін, әріптестер арасында ең бірінші сыйластық болуы керектігін жеткізді.

Жақында туған қарындасы Рано Омарованы тұрмысқа берген әнші отбасын құруға дайындалып жүрген сияқты. “Жақында өздеріңіз білесіздер қарындасымды ұзаттым. Енді өзімнің де отбасын құратын уақытым таяп қалды. Құдай қаласа, жақында жақсы жаңалығыммен қуантарым анық. Әзірге ешнәрсе ашып айта алмаймын”, – деп әнші бұл жолы да жеке басына қатысты сұрақтың жауабын қысқа қайырды.

Дәл қазір All Davay тобы көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын ән жаздырып, аталған туындыға бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр.

“Сәуір айының соңына қарай бейнебаян түсіреміз. Менің ойымша, Алматы-Дубай әнінен еш кем емес. Бірақ стилі осы күнге дейін орындап жүрген әндерімізден өзгеше болады. Біз тыңдармандарымыздың жүзіне күлкі үйірілгенін қалаймыз. Өмірде онсыз да негатив пен қажетсіз дүниелер көп”, – деп қызу жұмыс істеп жатқандарын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, AllDavay тобының әншісі Шоқанның желіде шыныққан денесінің жалаңаш суретін жариялағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар