Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғыны азаматтық некедегі әйеліне жанармай шашып, өртеп жіберген

ШҚО-да Глубокое ауданының тұрғыны ұрыс кезінде өзімен бірге тұратын әйелдің бетіне жағармай шашып, өртеп жіберген. Зардап шегуші төрт күн бойы ауруханаға да бармапты. Бұрын адам өлтіргені үшін сотталған азаматын түрмеге қимаса керек-ті.

101239_b0

Бұл туралы “Өскемен жаңалықтарына” сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қайғылы жағдай Степной ауылында болған. Ішімдік ішу барысында 56 жастағы ер адам мен онымен бірге тұратын әйел жанжалдасып қалған. Ащы суға сылқия тойып алған азамат әйеліне жұдырық ала жүгірген. Бұдан кейін қолына пышақ алып, бірнеше рет шекесінен ұрып салған. Әбден қорланған әйел еркектің қолындағы қаруды тартып алып, өз кеудесіне тақапты. Бұлай қинағанша, бірден өлтір деп айқайға салған көрінеді. Ал тасжүрек қылмыскер оны: “Қиналғың келіп тұр екен ғой? Айтқаның болсын”, – деп келеке қылған.

Ол жағармайға толы дәнекер шамын алып, оны әйелдің бетіне шашып жіберген. Бұдан кейін алаңсыз темекісін тұтатып, жанып тұрған сіріңкені әйелінің бетіне лақтырған. Сол сәтте-ақ лап ете қалған от әйелдің беті мен қолын күйдіріп тастаған. Ал қылмыскер тұтанған жалынды көрпемен сөндіруге көмектесіп, артынша әйелдің бас жуып алуына қолғабыс еткен.

Қорлық көрген әйел ауруханаға төрт күннен кейін бір-ақ жүгініпті. Оның өзі сұм жағдайға түскенін көріп, емханаға баруын талап еткен ұлының өтінішімен. Ал ер адам еш ұялмастан ауруханадағыларға “өздігінен күйіп қалды” деп айтуын бұйырған. Алайда жәбірленуші дәрігерлер мен полицейлерге бар шындықты айтып беріпті.

Әйел жарты құлағынан айырылып қалған. Ал оның беті мен мойны адамшошырлық күйге түскен.

Сот тасжүрек ерді 7 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңдық күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Астаналық қайыршылар ЭКСПО кезінде көрген қорлықтары жайлы айтты (фото,видео)

Қарағандыда бір оқушыға бола бүтін сынып мектепке бармай қойды

Қарағандыда 11 жасар баланы ұрып-соққан бұзақылар жазасыз қалды

Ақмола облысында 18 жастағы жігіт iPhone 6-ны несиеге алып бер деп танысын қорқытқан

Талқылау