Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да ұзындығы 2 шақырым болатын шұңқыр пайда болды (фото)

ШҚО-да қардың қарқынды түрде еруінің салдарынан  ұзындығы 2 шақырым болатын шұңқыр пайда болды.

ШҚО-да жер жарылып, ұзындығы 2 шақырым болатын шұңқыр пайда болды (фото)

Бұл туралы AltayNews порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бір ай бұрын ғана жол болған жерде қазіргі уақытта ұзындығы 2 шақырым болатын үлкен шұңқыр пайда болған. Шұңқырдың тереңдігі 6 метр болса, ені 4-5 метрді құрайды.

Ендігі шаруашылық басшысы Анатолий Петрович Матасов техниканың егін алқабына қалай жететінін ойлап дал болуда. Ол сол маңнан ойылып кетуге шақ қалған тағы бір жерді көрсетті. Айтуынша, күнбағыс өсімдігінің тамыры жерді ұстап қалып, жерді ойылуына мүмкіндік бермеген.

ШҚО-да жер жарылып, ұзындығы 2 шақырым болатын шұңқыр пайда болды (фото)

Қазіргі уақытта Матасов екі бульдозердің көмегімен шұңқырды толтырып, жауып тастауға тырысып жатыр. Алайда оған біршама уақыт қажет болатыны анық.

ШҚО-да жер жарылып, ұзындығы 2 шақырым болатын шұңқыр пайда болды (фото)

Ал жергілікті тұрғындар көктемгі ауа райына қайран қалып, жаз мезгілінің қолайлы болатынынан үміттенуде.

Оқи отырыңыз:

Жезқазғанда 13 жастағы қыз әкесіне өзін зорлады деп жала жауып, соттатып жібере жаздады

Бауырсақ пен шай: Елімізде Үндістаннан қайтып оралған қазақстандық бітімгерлерді қалай қарсы алды (фото)

Көкшетауда көпқабатты үйдің төбесінде асыр салған жастар іздестіріліп жатыр (видео)

Астанада Тамғалы тас пен Шарын шатқалы пайда болады (фото)

Талқылау