Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да телефонмен сөйлесіп келе жатқан 10 жасар қызды жүк көлігі қағып кетті

ШҚО-ның Шемонайха қаласында жүк көлігі 10 жасар қызды қағып кетті.

ГАЗ-53 көлігінің жүргізушісі тапсырыс бойынша көмір алып бара жатқан. 10 жасар қыз телефонмен сөйлесе жүріп жолды кесіп өтпек болғанда көлік астына түсті. Ол жүк көлігін байқамаған. Оқиға болған жерде жүргіншілер жолағы жоқ. Куәгерлердің айтуынша, көлік жылдам жүрмеген. Бірақ көлікті тоқтатып үлгерпмепті, деп жазады YК-news.kz.

Қыз түрлі жарақаттарымен аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ол облыстық ауруханаға ауыстырылуы мүмкін.

Куәгерлердің болжамынша, оқыс оқиғаға қыздың салғырттығы мен жолды жауып қалған ағаш бұтақтары себеп болуы мүмкін.

Сараптама нәтижесінде, жүргізушінің қан құрамынан алкоголь анықталған жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Анна Сабельфельд

Тағы да оқыңыз:

Ақша танымайтын әжей сатып алушылардың айтуы бойынша қайтарым ақшасын беріп есептесіп жүр

Жасөспірім достарының көңілін көтеру үшін қаңғыбасты ұрып өлтірді (видео)

Миллионер Қайрат Құдайберген: Елдің жағдайын көзбен көру үшін аптасына бір рет автобуспен жүрем

Талқылау