Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да сібір жарасы күдігімен түскен ер адам қайтыс болды

Өскемен қаласында сібір жарасы деген күдікпен ауруханаға түскен ер адам талдамалардың нәтижесі шықпай жатып қайтыс болды деп хабарлайды Stan.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме беріп.

ШҚО-да сібір жарасы күдігімен түскен ер адам қайтыс болды

Сібір жарасы ауруы күдігімен науқасты Қатон-Қарағай ауданынан санитарлық авиациямен Өскемен қаласындағы облыстық орталыққа жеткізілді.

Науқас ауруханаға түскен кезде оның жағдайын бірінші қалалық аурухананың дәрігерлері орта дәрежелі санатта бағалады. Алайда бірнеше сағат бұрын ер адамның бақилық болғанын аурухананың бас дәрігері Юрий Старокожев мәлімдеді.

Сібір жарасы диагнозы расталмаса да науқас келген ауданның санитарлық дәрігерлері халықты тексеруді бастап кеткен.

“Науқаспен қарым-қатынаста болған жандар белгілі болды. Олар қажетті антибиотикалық емдеу шараларын қабылдап жатыр. Науқаспен қатынаста болған азаматтар ауруханада екі апта бойы бақылауда болады, бұл ең ұзақ инкубациялық кезең”, – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау Департаментінің жетекшісінің міндетін атқарушы Юлия Кирьянова.

Алдын ала ақпарат бойынша, қайтыс болған ер адам инфекцияны мал дәрігерлерінің рұқсатынсыз сойылған малды қасаптау кездінде жұқтырған болуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау