Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да омарташы міндетін дұрыс атқармаған қызметшісін атып өлтірген

Зыряновск ауданында 63 жастағы омарташы мен оның қызметшісі арасындағы ұрыстың соңы адам өліміне әкеп соқты. Айыпталушы сот кезінде қарумен екі рет оқ атқанын кездейсоқтық деп түсіндірді.

dfg

Сурет ru.1in.am сайтынан алынды

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, екінші рет қаруды атарда қызметшісін ояту мақсатын ойлаған. Бірақ, оқ оның басына тиген.

Қайтыс болған Ш. есімді азамат соңғы 10 жыл бойы Маллеевскде еш жерде жұмыс істемепті. Жеке басында баспана болмаған. Әркімнің үйіне бір қонып жүрген. Сот кезінде ол жайлы сұрайтын жақын таныстары да табылмады.

2015 жылдың көктемінде ол С. есімді омарташының қоластына жүмыс істейтін болып барады. Қожайыны жасы келіп қалған соң, оны жұмысқа қуана қабылдаған.

Сот кезінде С.  есімді айыпталушы қызметшісінің кейіннен жұмысты дұрыс істемей кеткенін айтты. Оның айтуынша, жұмысшысы ішімдік ішіп, көмектесуден бас тартып жүрген.

Бірде олар бірге ішімдік ішіп отырады. Қожайыны әңгіме арасында оның шаруаны істеуге ұмтылмайтынын айтады. Ұрыс соңы төбелеске ұласады. С. есімді азамат қос ауыз мылтықпен жұмысшысын атып жібереді. Оқ оның иығына тиген. Жараланған Ш. есімді азамат төсекке жақындап барып құлайды. Қожайыны мылтықты қайтадан оқтап алып, екінші рет оған оқ атады. Бұл жолы оқ жұмысшысының басына тиген.

Мастығы таралып, есін жиған соң ол жақын жердегі ауылдардың біріне барып, полицияға өзі хабарласқан. Мән-жайды түсіндіріп, кінәсін мойындаған.

Сот отырысы кезінде айыпталушы қайтыс болған азаматтың оған көп қиындықтар туғызғанын, соған қарамастан оған көмектескісі келгенін айтады. Оның айтуынша, бұл жағдай кездейсоқ болған. Бірінші ретінде ол мылтықты ауаға атқан. Алайда, қолы тайып кетіп, оқ жұмысшысына тиген. Екінші ретінде оны оятпақ ниетпен тағы оқ атқан. Бірақ, бұл жолы оқ оның басына тиіпті.

Қылмыстық іске сәйкес, ШҚО-ның мамандандырылған ауданаралық сот шешімі айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң ұстау колониясында өткізуге үкім шығарды.

Талқылау