Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да жолда қалған автобус жолаушысын толғақ қысты

Автобус Алматы-Өскемен бағытындағы жолдан 52-53 шақырым жерде қар құрсауында қалған. Жолаушылар қар тазалаушы техника құралдары келгенше күтуге мәжбүр болды.

1436013591_1

Бұл туралы  Қазақстан-Жаңалықтары сайты хабарлайды.

Сәрсенбіге қараған түні “Жол апатының медициналық орталығы” қызметкерлері жүкті әйелге көмекке шыққан. Медицина қызметкерлерінің де көлігі айтылған жерге 10 шақырым жер қалғанда жүре алмай қалған. Жүкті әйелге жедел көмектесуүшін мәселеге құтқарушылар жұмылдырылған.

Қар құрсауында қалған көлік жолаушысын құтқарушылар  жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізген. Келіншек жақын маңдағы перзентханалардың біріне аман-есен жеткізілген.

29 желтоқсан күні Қазақстанның барлық аймағында қатты жел соқты. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетті. Желдің салдарынан жолдар көктайғаққа айналды. Барлық бағыттағы жолдар жабылып, жолаушылар мен техника құралдары қар құрсауында қалды. Бірнеше төтенше жағдайлар да орын алды.

 

Талқылау