ШҚО-да ер адам полиция бөлімшесінде көз жұмды

Дүйсенбі, 26 Маусым , 2017 18:01

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында жергілікті тұрғын полиция бөлімшесі ғимаратында қайтыс болды. Ол полицияға өзі бұзған жол ережесінің бейнежазбасын көру үшін келген.

5858

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Ер адам жүрек ауруымен есепте тұрған екен. Көз жұмуына да жүрек ауруы себеп болған.

Қайғылы оқиға 18 маусым күні таңертең болған. Үржар ауданының 53 жастағы тұрғыны Аягөз полиция ғимаратында көз жұмады. Оқиға қоғамдық дау тудырғаннан кейін ШҚО ІІД арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Полицейлердің ақпараты бойынша, ер адам бір бағыттағы жолдың бойында қарсы бағытта жүргені үшін оны жол полициясы тоқтатады. Полицейдің айыбымен келіспеген ол өзіне ереже бұзған сәттің бейнежазбасын көрсетуді талап етеді. Ол полиция мекемесіне дейін өз көлігімен барған.

Кезекші бөлімдегі мамандар оған камерадан бейнежазбаны көрсетеді. Ол түсініктеме жазуға келісімін берген. Кенеттен сол сәтте ер адамның жағдайы нашарлап кетеді. Дереу дәрігер шақырған полиция қызметкерлері тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсете бастайды. Жедел жәрдем бес минутқа жетпей келгеніне қарамастан ер адамды құтқарып қалу мүмкін болмаған.

“Мамандар оның денесін қарап, ешқандай зорлық белгілері жоқ екенін анықтады. Жүрек ауруынан көз жұмған деген диагноз қойылды. Ер адам Үржар ауданында 2015 жылдан бері жүрек ауруы бойынша есепте түрған”, – дейді ШҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Дулат Қазақпаев.

Қазіргі кезде оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. “Біз оның жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз”, – деді Дулат Қазақпаев.

Оқи отырыңыз:

Алматыда 12 қабатты үй өртенді (фото)

Ақтөбеде бір топ жігіт жаппай төбелесті (видео)

Теміртауда екі туысы бес жасар баланың көз алдында қаза болды

Мына 7 ережені орындасаңыз, Қазақстандағы жолдар қауіпсіз болады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар