Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да ер адам ломбардқа алтынға ұқсас темір алқаларды өткізіп келген

ШҚО-да алтынға ұқсас кәдімгі алқаларды ломбардқа өтікізіп келген ер адам ұсталды.

4eb6e6296ee1c4037f6b252e8a5f893a (1)

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

42 жастағы Андрей Иванов (аты-жөні өзгертіліп берілді) бірнеше жыл бұрын Глубокое ауданында жұмыс істеген. Ол демалысқа шығысымен күзетшімен келісіп, кәсіпорындағы құны 2 миллион теңгеге жуық болатын бұрғылау жабдықтарын ұрлап кеткен. Оқиғаға қатыстан барлық адамдар ұсталып, олар шартты түрде 3 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Ал, мерзімі бітпестен 2015 жылы Андрей Өскеменнен Алматыға алтын алтынға ұқсас алқалар әкелген. Ол таныс әйеліне алқаларды беріп, оларды ломбардқа өткізуін сұрайды. Танысы алқалардың жасанды алтын екенін білмеген. Ал, ломбард қызметкерлері тексерістен өткізгенмен алтындардың жасанды екенін білмеген.

Осылайша ақша таба бастаған Андрей екі қызды осы іске жұмсап отырған. Олар ломбардқа алтындары бірнеше рет өткізген. Кейінен осындай 10 алаяқтық істің болғаны анықталған.

Ломбард қызметкерлері алтындардың жасанды екенін кейін білген. Өйткені, оны қайтарып алуға ешкім келмеген. Ивановтың серіктестерін полицейлер тез ұстаған. Ал, өзін бірнеше ай бойы іздеген.

Аягөз соты Ивановты шартты түрдегі мерзімі бітпесен қылмысқа барғаны үшін 4 жылға бас бостанығынан айырды. Ал, серіктес қыздарының біріне жұмыс істеп өтеу жазасы, екіншісіне мүлкін тәркілеп екі жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Материал Роман Кудиновтың мақаласынан аударылды

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда 7 млн теңге тұратын алтын бұйымдарды ұрлаған үш күдікті ұсталды

Өскеменде күйеуі әйелінің құны жарты миллион тұратын әшекейлерін ұрлап алған

Талқылау