Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да ер адам 8 жасар қызды айдалаға апарып зорламақ болған

Шығыс Қазақстан облысында ер адам 8 жасар қызды зорлама болған ер адам сот алдында жауап берді. Сот оны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

ШҚО-да ер адам 8 жасар қызды айдалаға апарып зорламақ болған

Бұл туралы YK-news.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданарылық соттың мәліметінше, оқиға өткен жылдың 11 қыркүйегінде Үржар аулында орын алған.

«Мас күйде болған азамат С. 8 жасар қызды айдалаға алып барып, зорламақ болған», – делінеді сот хабарламасында.

Қыздың жанұшыра айқайлаған даусын ауылдастары естіпті. Сол жерге бірден үш ер адам жетіп, ер адамның арам ойын іске асыруына жол бермеді.

«Архат пен Мерхат Жақмановтар және Тоқтарқазы Қайрақөпаевтың қырағылығының арқасында  кішкентай бала қорғалды. Ал азамат С. сот алдында жауап берді. Ол 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Және оған маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу және кастрация тағайындалды», – дейді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, сот төрағасы әкімдікке Жақмановтар мен Қайрақпаевты марапаттауға кеңес берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр