Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да бюджеттен 67 млн теңге жымқырған директор сотталды

ШҚО-да «Ауыл шараушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының бұрынғы директоры 67 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды.

Айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Аltaynews.

«Ауыл шараушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының заңгері, директоры мен орынбасары ауыл тұрғындарына берілетін несие ақшасын өз мақсатына пайдаланған. 5 адамнан тұратын қылмыстық топ жалған несие құжатын жасаған. Жалған құжатта Үржар, Көкпекті, Бороудлиха аудандарының және Өскемен, Семей қалаларының тұрғындарына несие берілетіні көрсетілген.

Қаражат несие алушылардың атына аударылып, кейін тұрғындар ақшаның бір бөлігін қор филиалының басшысына аударған. Осылайша тұрғындарға 24 млн 300 мың теңге шығын келген. Ал, жымқырылған жалпы сома 67 млн теңге. Филиал басшысы лауазымдық өкілдігін асыра пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып алаяқтық әрекеттер жасады деп айыпталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау