Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да бойжеткен 4 жігітті зорлады деп айыптады, бірақ мұның жалған екені анықталды

Өскемен тұрғыны 4 жігітті топ болып зорлады деп айыптады. Тергеу барысында 21 жастағы бойжеткеннің өзі күдіктіге айналды.

1

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Шілде айында бойжеткен Қасым Қайсенов ауылында пәтер жалдап, 4 жігітпен бірге ішімдік ішеді. Таңертеңге қарай, ол жігіттердің бірімен оңаша қалмақ болғанда, екіншісі келіп телефонның камерасына түсірмек болады. Осы кезде қыз жанжал шығарып, оларды пәтерден қуып жібереді.

Сол күні кешкілік бойжеткен полицияға хабарлап, төртеуінің өзін зорлағанын жазады. Алайда, сараптама нәтижесінде қыздың жалған айтқаны белгілі болды. Іс тоқтатылып, жала жапқаны үшін жаңа қылмыстық іс ашылды.

Сот отырысында бойжеткен мас болып, мән жайды білмегенін айтты. Шешім бойынша ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Роман Кудинов

Жіберіп алмаңыз:

Емші бала Ербосын туған ауылын асырап отыр

iPhone жарылып зардап шеккен Ақтөбе тұрғыны адам шошырлық жарақатын көрсетті

ШҚО-да адам қағып өлтірген полиция басшысының әйелі рақымшылыққа ілігетін болды

Қызды қарға лақтырған жігіттің әрекеті қазақстандықтардың наразылығын тудырды (видео)

Талқылау