ШҚО-да асылып қалған қыздың өліміне себепші болған жігітке қатысты үкім шықты
2015 жылдың жаз айында ШҚО-ның Аягөз қаласына туыстарының үйіне қонаққа келген қызды құрбысы қыдырып келуге шақырады. Ал, ертеңінде қыз сарайда асылып тұрған жерінен табылған.

Бұл туралы timeskz.kz хабаралайды.
Қыздың денесінен арқанның ізінен бөлек жарақаттар табылған. Ол құрбысы екеуі үш жігітпен сөйлескен екен. Алайда, олар қызбен тату қоштасқанын айтып баққан. Алайда, тергеу нәтижесі бар шындықты анықтады.
Сот отырысында осы іске қатысты үш жігіттің бірін кінәлі деп танылды. Ол 18 жастағы қызды күштеп зорлаған. Соның салдарынан қыз өлімге бел буған.
«Сот айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырылуға шешім шығарды», – дейді ШҚО мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі. Шешім заңды күшіне енген жоқ.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды