ШҚО-да әкімнің орынбасары қағып өлтірген баланың әкесінен Өскемен әкімі кешірім сұрады

ШҚО-да әкімнің орынбасары қағып өлтірген баланың әкесінен Өскемен әкімі кешірім сұрады. Алайда қайтыс болған Евгений Смольниковтың әкесі істің дұрыс жүргізіліп жатқанына күмән келтіріп отыр.

Виктор Смольников

Сурет: скриншот КТК; марқұмның әкесі

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, Риддер әкімінің орынбасары 15 сәуірде 1999 жылы дүниеге келген Евгений Смольниковты қағып кеткен болатын. Салдарынан ауыр жарақат алған жеткіншек көз жұмды. Артынша баланы қаққан көлікте Өскемен әкімі де отырғаны белгілі болған еді.

Евгений Смольниковтың әкесінің айтуынша, баласын қағып кеткен Бауыржан Құрманбаевтың анасы келіп, кешірім сұраған екен.

«Баламыздың қайтыс болғанына 5 күн өткеннен кейін Қуат Тумабаев та келді. Ол кезде мен Астанаға барып, видеоны тексертіп, көлікте тағы бір адамның отырғанын анықтаған едім. Ол өзінің куәгер екенін, бәрін өз көзімен көргеннін жеткізді. «Осылай болғаны үшін кешірім сұрайтынын» айтты. Алайда оның сөзінен өкінгенін байқамадым. Сөздері шынайы болмады», – дейді Евгений Смольниковтың әкесі Виктор Смольников.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша іс жүргізіліп жатқанымен, баланың әкесі істің дұрыс жүргізіліп жатқанына күмән келтіріп отыр. Ендігі ол тек сот шешімін күтуде.

Оқи отырыңыз:

Алматы полициясы жоғалып кеткен 17 жастағы қызды іздестіріп жатыр

Байзақова өзі сияқты «ақымақтарды қамшымен ұру керек» деп үндеу тастағандарға жауап берді

Қостанайлық әйел танысының басынан 6 рет балтамен ұрып өлтірді

Қостанай тұрғыны жолдасын өлтірдім деп ойлап тірідей көміп тастаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар