Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 81 жастағы атасы мүгедек қызын өрттен құтқарам деп өзі күйіп қалды

Шығыс Қазақстан облысында мүгедек қызын өрттен құтқармақ болған қарт ер адам қатты күйік алды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт таңертең ерте Глубокое ауданы Тарханка ауылында шыққан. Жер үй түгелдей өртке ораныпты: қабырғаның ағаш құрылысы, есік-терезе бөліктері, шатыры мен төбесі түгелдей өртеніп кеткен. Жалын лаулап, қасындағы монша мен жазғы ас үйді де шарпи бастаған, деп жазады Sputnik.

Оқиға куәгерлері өрт сөндірушілерді шақырғанымен, жақын орналасқан өрт  сөндіру бөлімшесі 22 шақырым жерде, Өскемен қаласында болған, сол себепті олар жарты сағатта әрең жетіпті.

Көршілердің айтуынша, үй иесі – 81  жастағы қарт – мүгедек қызын өрттен өзі алып шыққан. Үйде екеуі ғана тұрады екен.

“Біздің бөлімше бірінші болып жетті. Өрт сөндірушілер бірінші кезекте үйде газ баллон бар-жоғын сұраған. Бар екен. Бір баллон жарылып кеткенімен, қалған екеуін өрт сөндірушілер алып шықты, — деп хабарлады бөлімше бастағы Данияр Биекенов. – Үй иесінің қызы зардап шеккен жоқ, ал ақсақалдың қолдары қатты күйіп қалған. Медициналық көмектен бас тартқанымен, біз оны дәрігерлерге қараттық”.

Зардап шегуші 1 қалалық аурухананың травмотология бөліміне жатқызылды.

Өртті сөндіру үшін облыс орталығынан қосымша күш шақырылды. Жалпы 21 адам мен 5 техника жұмылдырылған. Өрт аумағы 120 шаршы метрді құрайды.

Пеш жаққан кезде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін бұзу салдарынан өрт шыққан болуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Оны тамақтандырудан шаршадым: Анасы 2 жасар қызын тұншықтырып өлтірді

Ата-анасы 4 айлық баланы микротолқынды пешке салып күйдірген

Талқылау