Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 14 жастағы бала өз құрдасына винтовкадан оқ жаудырды

Облыс орталығында 14 жастағы бала екінші қабаттың балконынан 13 жастағы жасөспірімге оқ атқан. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген.

Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.

Оқиға 16 қазан күні болған. №9 мектеп қызметкерінің сөзінше, №16 мектептің оқушысы өз пәтерінің балконынан пневматикалық винтовкадан аулада жүрген 13 жастағы балаға оқ атқан. Бала жедел жәрдем көмегімен облыстық ана мен бала орталығына жеткізіледі.

Баланың неліктен ондай қадамға барғаны және жасөспірімдердің өз арасында ерегес болғаны туралы ақпарат жоқ.

“Кәмелетке толмаған бала себепсіз, бұзақылықпен оқ атқан. ҚР ҚК 293 “Бұзақылық” бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды”, – деп хабарлады облыстық ІІД.

Сондай-ақ, ІІД пневматикалық қарудың балада қайдан жүргеніне қатысты ақпарат таратпады. Дегенмен мұндай кіші калибрлі қаруларды арнайы рұқсатсыз алуға болады екен.

Тағы да оқыңыз:

Қырғызстандық подполковник Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды

Сағадиев: Мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілеріне жеңілдіктер беруді ұсынамын

Астанада баланы педофилден арашалап қалған құрылысшылар марапатталды

Желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тараған видео бірнеше жыл бұрын түсірілген

Талқылау