Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әйел шала туған нәрестесін қорапқа салып аурухана алдына тастап кеткен

Шымкентте шала туған нәрестесінің денесін қорапқа салып, аурухананың алдына қалдырып кеткен әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pexel

Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында болды. Белгісіз әйел №2 Облыстық перинаталдық орталыққа (Дархан) келіп, шала туған нәрестенің денесін қорапта қалдырып кеткен. 

"Бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті.


Талқылау