Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 19 жастағы қызды алып қашып, зорлады деп айыпталған жігіттің адвокаты барлық айыптауларды жоққа шығарды

Сұлтан Әбдуманаптың анасы Қанткүлге хабарласқанда, ол үйін кепілге қойып, баласы қамаудан босатылып шыққанын хабарлады. Тергеу амалдары әлі жүріп жатыр. Бұл туралы қызды алып қашып, зорлады, кейін өзіне-өзі қол салуға итермеледі деген жігіттің анасы Stan.kz сайтына хабарлады. 

алып қашып

Жігіттің анасының айтуынша, қыздың тарабы қойған айыптары бойынша ешқандай дәлел жоқ.  

"Бұлардың не көздегенін, не мақсат бар екенін түсінбедім. Миым жетпей жатыр. Дәлел жоқ ешқандай. Қорғаушымыз олардың қойылған айыптарының негізсіз екенін Қылмыстың Кодекс бойынша барлығына жауап беруге дайын", - дейді жігіттің анасы.

Сұлтанның қорғаушысы Жарылқапберді Өмірзақов тергеу тарапынан көптеген заңбұзушылықтар орын алып жатқанын айтады.

"Аружанның өзі тергеу амалдарына қатыспай жатыр, тергеудің уақытылы дұрыс өтуіне кедергі келтіріп жатыр осылайша", - дейді құқық қорғаушы.

Адвокаттың айтуынша, Аружан небары бір аптадай ауруханада жатқан, қазір үйінде. Өмірге қауіп келер жарақат алмаған. 

Екінші жақпен мәмілеге келмедіңіздер ме деген сауалымызға: "Жоқ, мәмілеге келетіндей біз алдына да барған жоқпыз. Не үшін барамыз? Кәдімгі қазақтың салтымен алыпқашу болды, артынан қуғыншылар келді, құдаларын күтті. Әрі ешбір дәлелсіз жігітті жаманатты етіп, бүкіл Қазақстанға жар қылды", - дейді Жарылқапберді мырза. 

Сондай-ақ адвокат Аружанның қорғаушысы айтқан, гинекологқа қаратқанын, аузына коньяк құйып, қыздың күшпен зорланғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр. 

Өз еркінен тыс күйеуге шыққысы келмей, үшінші қабаттан секірген 19 жастағы Аружан есімді қыздың жантүршігерлік оқиғасы қазақстандықтарды бейжай қалдырмады. Қазақстандықтар үйленуге мәжбүрлеген жігіттің жазалануын талап етті.  Алайда Сұлтанның анасы ұлына жалған жаланың тағылғанына сенімді. Оның айтуы бойынша, Аружан жігітке өз еркімен тұрмысқа шыққысы келген.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 105 бабы бойынша (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау