"Шімән апа шал тауып алды": Кемпір рөлін сомдаған Ерболат Төлегеновке ғашық болған шал жұртты күлдірді (видео)
Шімән апаның рөлін ойнайтын Ерболат Төлегеновке ғашық болған шал жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бекқожа, жай қыссаңшы. Біртүрлі болып қалдым ғой. Шекемнен тер шықты ғой құрсын. Ай, жақсы қойшы енді. Жас балалардың алдында ұят қылдың ғой сен. Бірақ, жақсы билейді екен Бекқожа. Сенде тек мұрт емес, құртың да бар екен. Менің талғамымда емессің", - дейді Ерболат Төлегенов.
Әзілдеймін деп жүріп ойыннан от шығып кете жаздаған. Еркекпін деп айтқан Шімән апаға шал сене қоймапты. Құшақтап, сүймекші болып жүрген шалдан актер әрең қашып құтылған.
"Мынауың ауру ғой құрысын. Мынау шын екен деп тұр. Мен негізі еркекпін. Жүз грамм бар ма жынды болып кеттік қой құрсын", - дейді Ерболат Төлегенов.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады