Шілдеден бастап ең аз зейнетақы 45 711 теңге болады

Сәрсенбі, 28 Желтоқсан , 2016 10:25

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерінің 2017 жылы артуы туралы нақты түсіндірме берді, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

cy1

ҚР ДСӘДМ басшысы ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп жүргізілген есепті ескере отырып, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшерінің 20%-ға өсетінін хабарлады.

«2017-2019 жылдарға арналған бюджетке сәйкес, ынтымақты зейнетақының мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен тағы да 11%-ға ұлғайтылады. Мәселен, егер ынтымақты зейнетақы мөлшері 2016 жылы 40 000 теңге болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 9%-ға арттырылып, 43 600 теңгені құрайтын болады. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы 11%-ға ұлғайтылып, жалпы мөлшері 48 396 теңге болады. Осылайша, 2017 жылы ынтымақты зейнетақы мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға ұлғайтылмақ. Базалық зейнетақы 2017 жылғы 1 қаңтардан 7%-ға, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен тағы да 13%-ға ұлғайтылады. Мәселен, ағымдағы жылы егер базалық зейнетақы мөлшері 11 965 теңге болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7%-ға арттырылып, 12 802 теңгені құрайтын болады. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы 13%-ға ұлғайтылып, жалпы мөлшері 14 466 теңге болады. Осылайша, 2017 жылы базалық зейнетақы мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға арттырылады», — деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар, Министр 2,1 млн-ға жуық зейнеткердің зейнетақысын арттыру мақсатында республикалық бюджеттен қосымша 79,8 млрд. теңге бөлінетінін атап айтты. Жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, зейнетақының ең төменгі мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 2016 жылғы 37 789 теңгеден 2017 жылғы 1 шілдеде 45 711 теңгеге артады. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 55 154 теңгеден 66 721 теңгеге дейін ұлғаяды.

Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 7%-ға, ал 2017 жылғы 1 шілдеден тағы 20%-ға арттырылады. Нәтижесінде 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда өсім 27%-ды құрайтын болады.

«Егер ағымдағы жылы бірінші, екінші, үшінші баланың тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 66 621 теңге болса,  2017 жылғы 1 қаңтарда 71 270 теңге болып, 1 шілдеде 86 222 теңгеге дейін артпақ. Ағымдағы жылы төртінші баланың тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 111 035 теңге болса, 2017 жылғы 1 қаңтарда 118 мың теңге болып, 1 шілдеде 142 947  теңгені құрамақ», — деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен келесі жылы қосымша 1,8 млрд. теңге бөлінеді. Жалпы алғанда, жоғарыда аталған зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлерінің артуына республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша 81,6 млрд. теңге қарастырылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты шарада Мемлекет басшысы 2017 жылдың 1 шілдесінен зейнетақының барлық мөлшерін 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға, баланың тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы жәрдемақы мөлшерін 20%-ға арттыруды тапсырған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар