"Шетіндегі екі пәтер құлауы мүмкін": БҚО-да комиссия су тасқынынан зардап шеккен үш үйдің ортасындағысын бұзбақ (видео)
Наурыз айының соңында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Өлеңті ауылындағы 42 үйді су басқан. Аталған өңірдің тұрғындары ауылдың қазіргі жағдайын баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі mgorod басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: mgorod.kz
Ауыл тұрғыны Бәтима Ақзомова Бердіғалиева көшесіндегі үш пәтерлі үйдің қақ ортасындағы пәтерде тұрған. Айтуынша, су тасқыны келіп мүлкін басып, малдары қырылып қалған.
“Ортадағы пәтерде тұрамын, бір жағында көршім, екінші жағында анам тұрады. Әр үйдің өз мекен-жайы, иесі және заңмен белгіленген құжаттары бар. Үш үйге де су кірді. Мұны тіпті сырттан да байқауға болады. Үй апатты жағдайда, 60-70 жыл болды. Алғашында колхоз бен совхоз заманында қойма болған. Ол жазық жерде орналасқандықтан су келіп, мүлкімізді басып, малымыз қырылып қалды. Біз өзіміздің тірі қалғанымызға қуандық", – дейді әйел.
Үйлерге су тартыла салысымен комиссия келе бастады. Бастапқыда үш пәтер де тұруға жарамды деп танылды, кейін дәл ортасында орналасқан пәтер бұзылатынын айтты.
“Әкімдік бұл шешімге жанжалдың арқасында келді. Әкімдікке барып дауладым, содан кейін ғана оны бұзу туралы шешім қабылданды. Менің үйімнің екі жағындағы пәтерлер комиссияның шешімімен тұруға жарамды деп танылды. Қазір пәтерімізді бұзуға кірістік, енді шетіндегі екі пәтер кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай ма? – деп сұрады Бәтима Ақзомова.
Ал көршісі Ақмарал Жолдыбаеваның жолы болмады.
"Күйеуімнің атында екі үй бар. Ол – екеуміз тұратын үй (үш бөлмелі пәтер) және жалғыз ұлымыз әйелі және балаларымен бірге тұратын пәтер. Бұл жалғыз баспана болмағандықтан, дұрыстап қарамайды да, жөндеу керек дейді болды. Біз әділдік сұраймыз. Өйткені мұнда екі бөлек отбасы тұрады", – дейді әйел.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, су басқан үйлерге техникалық тексеруді жеке компания жүргізген. Комиссия шешімімен келіспегендер сотқа жүгінеді.
Айта кетейік, бұған дейін cу тасқыны кезінде үйсіз қалған құлсарылықтар өтемақы талап етіп тағы да наразылыққа шыққаны туралы жазған едік.
Тұрғындар су басқан үйдің шаршы метріне 400 мың теңге төлеуді сұрады. Айтуларынша, бұл сомаға құрылыс материалдары, жұмысшылардың жалақысы, сондай-ақ мал қора мен саяжай құрылысы кіреді. Ал облыстық мәслихаттың төрағасы Мұса Хайруллиев бір шаршы метрге 400 мың теңге төленбейтінін айтты. Наразылыққа жиналған құлсарылықтар бүгінде әкімдікте әкімді күтумен өткізді. Олар таңда қайтадан әкімдік ғимаратының алдына жинала бастады. Ал полицейлер жағдайды жан-жақтан бақылап отыр.