Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы балаларын мұсылман етіп, қазақ балабақшасына бергенін айтты

Соңғы жылдары Қазақстанға қалыңдық іздеп келіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің саны өскен. Былтырғы жылы нәсілі бөлек азаматқа 4500 қаракөзіміз тұрмысқа шықса, биылғы жылдың бес айында 1,5 мыңнан астам қарындасымыз өзге ұлт өкілінің жетегіне кетті. Жалпы аралас неке ұлт үшін қаншалықты қауіпті?

Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы балаларын мұсылман етіп, қазақ балабақшасына бергенін айтты

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Астаналық тұрған Жазира Ноғайбаева 5 жылдан бері шетелдік азаматпен көңіл жарастырып, тату отбасын құрып, тұрып келеді. Ол Литвалық жарымен жұмыс барысында танысқан екен. Қазір екі ұлдары бар. Аралас некеде туған балалары мұсылман дінінде. Қазақ тілді балабақшада тәрбиеленіп жүр. Соған  қарамастан, «өзге ұлттың жетегінде кеттің» деп сөккендер аз болмайды дейді Жазираның өзі.

«Ол басқа еркектер сияқты: «Ей, қатын, үйде отыр!» – деп айтпайды. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ қазақ жігіттері сияқты беталды қызғанбайды. Әйелін жеке меншігі ретінде көрмейді. Менің адалдығыма сенеді. Бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Бастысы, сыйлаймыз», – дейді Жазира ноғайбаева.

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері елімізде 1 673 қазақ жігіті басқа ұлттан қыз алып, 1 522 қазақ қызы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан.

«Адам өзі қалаған адаммен жұп құруға құқылы. Ол қазақ бола ма, ол шетелдік бола ма, өзі біледі. Қазақ қазақпен жұп құур үшін, қоғамда қазақтан басқа ешкім болмауы керек», – дейді блогер Назгүл Қожабек.

Ал белгілі журналист Жанарбек Әшімжан аралас некен ұлтымыз үшін қауіпті дейді. Жеті атаға дейін қыз алыспаған текті қазақ соңғы уақытта «Жеті жарғыда» жазылған отбасы баптарынан көз жазып қалды. Тіпті зиялыларымыздың өзге ұлт-ұлыстармен қаны араласып, немерелері өзге тілді шүбірлеп сөйлеп жүр, дейді.

«Мен бір үйде үш түрлі ұлттың өкілі тұратын үлкен қайраткер, жазушы тұлғаларды білемін. Соны мерей санап жүрген жазушыларды білемін. Балалары әр түрлі ұлттан қыз алған. бірі украиннан, біреуі немістен, біреуі орыстан деген сияқты. Жұбайларынан дүниеге келген перзент қазақтың тілінің де, ділінің де жоғын жоқтайды деп ойламаймын», – дейді Жанарбек Әшімжан.

Мәселен, Түркіменстанда шетелдік күйеу бала  түркімен қызын қалыңдық ету үшін, ел қазынасына 50 мың АҚШ долларын құяды екен. Бізде де тыйым салу емес, мәселе ушықпай тұрғанда осындай шектеудің бір түрін енгізу керек, дейді қоғам қайраткерлері.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау