Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік БАҚ: Ресей құрамасы олимпиада ойындарынан толық құрамда шеттетілді

Шетелдік БАҚ-тарда 387 спортшыдан тұратын Ресей құрамасы Олимпиада-2016 ойындарына бармауы мүмкін деген ақпараттар жариялануда. Мұның бірден бір себебі допинг дауы болуы мүмкін.

large

Фото: sport-express.ru

Бұл туралы gazeta.ru хабарлайды.

Нақтырақ айтсақ, британиялық танымал Daily Mail басылымында жарық көрген мақалаға қарағанда, Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) бүкіл Ресей құрамасын “мемлекеттік допингтік бағдарламасы” үшін жазалауға бекініп отырған көрінеді.

Комитеттегі сенімді дерек көзінің хабарлауынша, осы арқылы ХОК “допингтің – спорт атаулыға жасалған шабуыл” екенін көрсетіп дәлелдемекші. Сондай-ақ Ресей құрамасын 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиада ойындарынан да шеттету мәселесі қарастырылып жатыр.

Rio_Russia

Фото: ru.epizod.ua

Ресейлік команданың Рио олимпиадасына қатысу-қатыспау туралы мәселесін ХОК ресми түрде бүгін қабылдап қалуы ықтимал. Рио-де-Жанейродағы олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Талқылау