Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шет елде емделіп жатқан Әлима Көпей 8 айдан кейін Қазақстанға қайтып оралды

Биылғы жылдың мамыр айында Кореяға аттанып, бойынан қатерлі дерт анықталған Әлима Көпей бүгінде АҚШ-та ем алып жатыр. Жақында сәбидің ата-анасы жағымды жаңалығымен бөлісіп, оның сауығып келе жатқанын, емнің әсер еткенін айтқан еді. Бүгінде олар Қазақстанға қайтып оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлима Көпей

Әлима Көпей таядуа кезекті тексерістен өтіп, АПФ деңгейі 12-ге төмендегенін көрсеткен еді. Дәрігерлер оған бір ай демалуға уақыт беріп, қаңтар айының соңында қайта тексермек. Осыған байланысты Көпей отбасы Қазақстанға қайтып оралды. Оған себеп те жоқ емес. Бүгін – кішкентай Әлиманың туған күні. Екі жасқа толған бүлдіршіннің ата-анасы осы атаулы күн мен Жаңа жылды өз отанында мерекелемек.

«Ханшайымымызға сыйлай алатын ең тамаша сыйлығымыз – отанымызға қайтып оралып, туған күні мен Жаңа жылды отбасының айналасында мерекелеу. Әлима арада 8 ай өткеннен кейін Қазақстанға қайтып оралды. Дәрігерлер ұшуына рұқсат берді және қаңтар айының соңында қайтып келгенімізді күтеді», – деп жазды Әлиманың әкесі Алтай Көпей Instagram желісінде.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алтай Копей (@altay.kopey)

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен зақымдалған Әлима Көпейдің анасы дәрігерлер үшін опық жегенін айтқан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау