Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешенстанда офицер өзінің төрт жолдасын атып тастады

Шешенстанда Ресей гвардиясының аға лейтенанты өзінің төрт қызметтесін атып тастады. Кейін кезекші бөлім оның көзін жойған.

 

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Трагедия 23 қазан күні 6791 әскери бөлімінде болған. Оқ жаудырған азамат – Дағыстан тумасы екен. Көптеген ереже бұзушылықтарына байланысты өзін жақын арада қызметтен шеттетінін естіген ол, өзі туралы арыз түсірген офицерлерден кек алмақшы болыпты.

Қылмыстың алдында ол ішімдік ішіп, сосын қару бөлмесінен тапанша-пулемет алып аттанған. Оның алдынан шыққан взвод командирі лейтенантты райынан қайтаруға тырысады, бірақ қылмыскер оны атып тастаған. Содан кейін ол тағы үш қызметтесіне оқ жаудырады.

Атыс әскери бөлім ішінде болғандықтан, оқиға орынына бірден арнайы қызмет өкілдері аттанған. Қарулы әскерилерді көрген лейтенант қашуға тырысады, бірақ арнайы қызмет өкілдері оны атып үлгерген.

БАҚ мәліметінше, атыс жасаған 25 жастағы Марат Гаджиев. Оның атқан оғынан капитан Илья Баныкин, аға сержан Арсен Байғазиев, сержан Ілияс Гарачиев және Хайрутдин Агамагомедовтер қаза тапқан. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тексеру басталды.

Талқылау