Шенеуніктердің енді интернетке кіруі шектелді
Мемлекеттік қызметкерлер енді интернеттен де қағылады. Бұдан-былай шенеуніктер күні бойы отыратын сайттар тегіс бұғауланбақ. Тыйымнан соң атқамінерлер уақытын бос өткізбей, негізгі жұмысымен айналысады деген сенім бар,-деп хабарлайды ктк арнасы.
Бұған дейін оларға жұмыс орнына смартфон ұстап келуге тыйым салынған болатын. Тек талапты орындап жатқандар аз сыңайлы. Десе де, әр мемлекеттік органның кіре берісіне қымбат телефондар қалдыратын жәшіктер орнатылыпты. Мемлекеттік қызметті жетілдіруге арналған реформа президенттің «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында жүзеге асуда.
Соған сай атқамінерлер қызметте адал жолмен көтіріліп, этиканы сақтап, бюджет ақшасын шашпай-төкпей жұмсауы тиіс. Айта кетсек, Үкімет, министрліктер, Парламент пен әкімдіктерге смартфонмен кіруге интернетте құпия құжаттардың жарияланып кетуінен кейін қолға алып отыр.
«Бұл мемлекеттік мекемелерде интернет жоқ деген сөз емес. Коюмьютерлер ғаламторға қосылған әрине. Тек әлеуметтік желілер мен қызметке қатысы жоқ сайттар жабылады»,-дейді Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктің департамент директоры Әли Көмекбаев