Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде шенеуніктер бағаның өскенін байқамай, ұйықтап қалған

Облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысында шенеуніктер ұйықтап қалды.

ссс

Бұл туралы  облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысында деп хабарлайды Диапазон.

Экономика басқармасы соңғы айда қызмет пен азық-түлік бағасының өскенін  айтып,  қант  76%, жұмыртқа –  11,5%, дәрі-дірмектер – 7% өскендігін көрсетті.

-Мұндай мәліметтерді ала салып, тексерместен маған бере салдыңдар. Ендеше, сендер бағаны бақылайтын комиссиясы емес құжатты тапсыратын бөлім. Сендер неге тексеріп, нагізсіз қымбаттаудың себебін таппайсыңдар? Мәселен, медициналық қызметтің 17 пайызға өсуі деген сұмдық қой. Біз өткенде ғана баға өсірудің негізі жоқтығын айттық – деді Бердікбек Сапарбаев.

Облыс әкімі дүйсенбіден бастап барлық жекеменшік емханалар мен дәріханаларды тексеруге алып, бағаны реттеуді бұйырды. Айтуынша, мемлекеттік емханалар бағаны әлі өсірмеген.

Қазір қант 182-204 теңге, жқмыртқа 90-190 теңге болған. Сұйық майда көтерілген. Оның да қымбаттауы әкім негізсіз деп тексеруді бұйырды. Сонымен қатар “Қазақстанда жасалған” деген жапсырмамен сатылатын өнім де қымбаттамау керектігін айтты.

 

Талқылау